Новости


Балалар кітаптарының апталығы (ашылуы)

Бс, 24/03/2022 - 17:40 — Ольга А

Ең маңызды мереке «Балалар кітабы апталығы» тағы да барша оқырмандар мен кітапхана достарын қонаққа шақырды. «Тез кіріңіз! Ертегі сізге есікті ашты». - Аптаның бірінші күні осылай аталды, онда барлық ертегілер араласып кетті. Басты кейіпкерлер: ер бала мен қыз бала барлық ертегілердің дұрыс орның табу және кейіпкерлерді үйге қайтару үшін Баба Ягаға көмекке келді. Қатысушылар жұмбақтардың шешімін тауып, викторинаға қатысты, барлық театрландырылған іс-әрекеттер қызықты және өте күлкүлі болды.



Көктемгі демалыс

Бс, 24/03/2022 - 16:53 — Ольга А

Бүгін бізге қонаққа нағыз суретші келді. Жай суретші ғана емес, сонымен қатар  иллюстратор - Нина Коровина. Нина әйгілі балалар жазушылары Александра Ильинична Суслованың, Катя Матюшкинаның, Вадим Рогозиннің және т.б. кітаптарындағы иллюстрациялардың авторы. Балалар шаблондар мен түрлі-түсті қарындаштарды қолдана отырып сурет салды. Міне, біз не істегенімізді қараңыз.



Әдеби кейіпкерлері сөйлейді

Бс, 24/03/2022 - 15:50 — Ольга А

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер



Көктемгі демалыс!

Бс, 24/03/2022 - 12:20 — Ольга А



Әдеби бағдарлама: Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»

Бс, 24/03/2022 - 10:10 — Ольга А

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Әдеби бағдарлама» жобасы аясында Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның баласымын» романын ұсынамыз. Романда соғыстан кейінгі қиын кезеңдегі ауыл өмірі, балалық шақ суреттеледі. Бас кейіпкері – Алданыш атты бала, жетінші сынып оқушысы. Алданышты кішкентай кезінен нағашы әжесі бауырына салып, өзінің туған әкесін - жезде, анасын - әпке деп өседі. Оқиғаның басым бөлігі Алданыштың төңірегінде өрбиді. Шығарма балалар мен жасөспірімдерге арналған, тілі - жеңіл, сюжеті - қызықты. Кітапханаға келіңіздер, оқыңыздар!



Әжемнің ертегілері: Қонжық пен қоян

Жм, 18/03/2022 - 17:48 — Ольга А

Қазақтың халық ертегісі - " Қонжық пен қоян" балаларға достықтың мықты болуы үшін қалай достасу керектігін үйретеді. Нағыз достар мақтанбайды, бір-бірін жаман атпен атамайды, ренжітпейді, ал досын кешіре және түсіне алады. Реніштерге көп уақыт кетірмей, оның орнына бірге ойнап көңіл көтеруге болады.



Қош келдің — Наурыз

Жм, 18/03/2022 - 17:47 — Ольга А

17 наурызда мереке қарсаңында "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" тәрбиеленушілері үшін мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында "Қош келдіңНаурыз" конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Конкурстар мен ойындар барлығының көңіл-күйін көтерді. Балаларға сыйлықтар берілді, олардың демеушілері № 2 мектеп-лицейінің 3 "Л" сынып оқушылары болды.



Көктем келді

Жм, 18/03/2022 - 17:42 — Ольга А

Тамаша Наурыз-мейрамының қарсаңында біздің жас суретшілеріміз «Көктем келді» тақырыбында аппликациямен сурет салу техникасын қолданып, сурет салды. Міне, осындай сұлулық бізде шықты.



Наурыз мейрамы

Жм, 18/03/2022 - 17:32 — Ольга А

Назар аударыңыз: 21-23 наурыз мереке күндері, кітапхана жұмыс істемейді.
Сіздерді 24 наурызда күтеміз!
 
          Құрметпен, Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК



Ойла: У. Уильямс "Алақандағы География"

Бс, 17/03/2022 - 10:35 — Ольга А

Мектептегі география курсынан есіңізде не қалды? Янцзы өзенінің ұзындығы, Эвересттің биіктігі қанша? Урбанизация бізге қалай әсер етеді, уақыт өте келе ландшафт қалай өзгереді, халық санының өсуіне не қауіп төндіреді, жанартаулардың атқылауы, климаттың өзгеруі - мұның бәрі география. «Алақандағы география» танымал ғылымның негізгі ұғымдарын қол жетімді және жалықтырмайтын түрде қарастырылады.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2022

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру