Новости


Дала жұлдызы

Сс, 26/04/2022 - 14:34 — Ольга А
25 сәуірде Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» брейн-ринг ойыны өткізілді. Іс-шараға Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінің және М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Ойынның басында әр мектеп өз топтарының атын, ұранын таныстырып өтті.
Ойын 6 бөлімнен тұрды:
1. «Ы. Алтынсарин кім?» Жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты деректер.
2. «Қандай нысан?» Ы. Алтынсарин атындағы облысымыздағы нысандар.
3. «Қай кейіпкер?» Фильворд әдісі бойынша Ы. Алтынсариннің шығармаларынан кейіпкерлерді табу.
4. «Қандай шығарма?» Шығарманың басталуынан Ы. Алтынсариннің қай шығармасы екенін табу.
5. «Жұмбақтар» Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешу.
6. «Эмодзи» Бәрімізге белгілі эмодзи суреттері арқылы Ы. Алтынсариннің шығармаларының атауын табу.
Ойын барысында қатысушылар Ы. Алтынсарин туралы білімдерін ортаға салып, сайысқа түсті. Қатысушылар әр кезеңге тиянақты дайындалып келгендерін көрсетті. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі жеңіске жетті. Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебіне ойынға қатысқандары үшін алғыс хат табысталды.


Off сурет сабағы: Көктем

Жм, 22/04/2022 - 11:46 — Ольга А

Бұл қысқа және сүйкімді шеберлік сабағында біздің сүйікті суретші Оксана Франко-Косинская балаларға талдың бұтақтарын акварельмен қарапайым және тиімді бояуға көмектесетін қадамдарды егжей-тегжейлі көрсетті.

Талдар жанды да сымбатты көрініп, көрермендердің назарын бірден өзіне аударды.



Ұлттың ұлы ұстазы

Жм, 22/04/2022 - 11:27 — Ольга А

Биыл елімізде ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өтуде.

Осы айтулы күнге орай Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Ұлттың ұлы ұстазы» әдеби кеші өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі қамтылған бейне-ролик көрсетілді, ұлы ұстаздың ақындық, ғалымдық қырынан басқа әншілік, күйшілік өнері туралы айтылып, қызықты деректер оқылды, оқушылар А. Байтұрсынұлының И. А. Крыловтан аударған мысалдарын оқыды. Іс-шара қорытындысында оқушыларға виторина сұрақтары қойылды. Іс-шарадан тың мәліметтер алған оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

#Байтұрсынұлы150



Ескі журналдардан Панно шеберлік сабағы

Жм, 22/04/2022 - 11:19 — Ольга А

21 сәуірде біз кәмелетке толмағандарды Бейімдеу Орталығының тәрбиеленушілері үшін шеберлік сабағын өткіздік. Балалармен бірге біз ескі журналдардан осындай әдемі панно жасадық.



«Табиғат – біз тұратын үйіміз»

Бс, 21/04/2022 - 16:42 — Ольга А

«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «табиғат — біз тұратын үйіміз» экологиялық сабағы өткізілді. Балалар табиғатты қалай сақтауға болатынын айтып, ормандағы тәртіп ережелерін еске алды. Жарқын презентацияда балалардың демалыстағы іс-әрекеттері көрсетілді, онда орталық тәрбиеленушілері олардың әрекеттері дұрыс болды ма деген сұраққа жауап берді. Көңілді «Ералаштар» іс-шараға позитивті әсер етті. Сабақ соңында барлығы өнер секторына шеберлік сабағына барды.



Сұрақтар мен жауаптар армиясы

Бс, 21/04/2022 - 09:54 — Ольга А

Биыл Қазақстанның Қарулы Күштеріне 30 жыл толады. Біздің онлайн-дайджестіміз Қазақстан армиясындағы қызметке қатысты кейбір мәселелерді түсінуге, өз өмірін әскери іске арнауға немесе әскери қызмет етуге барғысы келетіндерге көмектеседі.

https://learningapps.org/display?v=p1dgx4txc22



Әдеби бағдарлама: Айзат Рақыш «Балалықтың соңғы күзі»

Бс, 21/04/2022 - 09:03 — Ольга А

Құрметті оқырмандар, бүгін сіздердің назарларыңызға жас жазушы Айзат Рақыштың «Балалықтың соңғы күзі» әңгімелер мен хикаяттар жинағын ұсынамыз. Бұл жинақ үш бөлімнен тұрады: хикаяттар, әңгімелер, әзіл әңгімелер. Әңгімелер желісі қызықты, тілі жеңіл. Кейіпкерлері – мектеп оқушылары мен студенттер, жастар. Жазушы шығараларында қазіргі өзекті мәселелерді негізге алады. Кітапханаға келіңіздер, жазылыңыдар, кітап оқыңыздар!!!



«Даланың даңқты ұлы»

Дс, 18/04/2022 - 17:29 — Ольга А

№2 орта мектептің 7 «Г» сынып оқушылары үшін Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған тарихи портрет өткізілді.

Халық батырлары – қазақ хандығының батырлары – жаугер көршілері қазақ жері есебінен көшпелілердің территориясын кеңейтуге ұмтылған кезде пайда болды.

А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жусупов Руслан Батырханович оқушыларға біздің алыстағы батырымыз туралы айтып берді.



Сиқырлы ертегілер сандығы: Түлкі түс

Дс, 18/04/2022 - 12:47 — Ольга А

Қазақтың халық ертегісі «Түлкі түс» сөздерге құлақ асып, абай болу керектігін айтады.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2022

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 2 guests қонақ.

Жүйеге кіру