Біз батыл балалар болып өсеміз

Бс, 05/05/2022 - 16:49 — Ольга А

Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында № 2 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушылары үшін "Біз батыл балалар болып өсеміз"атты әңгіме-ойын (гендерлік теңдік) өткізілді. Жас қатысушыларға мерекенің тарихы туралы айтылды, олармен Отанды қорғаушы деп атауға болатын, қандай қасиеттерге ие болу керек және неге Отанды қорғау керек екендігі туралы әңгімелесті. Содан кейін балалар 2 командаға бөлінді. Сайыс басталды, онда балаларға болашақ Отан қорғаушылардың ең жақсы қасиеттерін көрсету қажет болды. Командалар ептілікте, дәлдікте және бұйрықтарды нақты орындай білуде ғана емес жарысты, сонымен бірге тапқырлық танытуға, логикалық ойлау мен зейінді жұмылдыруға, өз ой-өрісін және жақсы оқығанын көрсетуге де тура келді.

Нәтижесінде достық жеңді! Іс-шараны қорытындылай келе, балалар нағыз қорғаушы — батыл, күшті және қайратты, барлығына үлгі болатын адам деген қорытындыға келді!

#балалар_жылы


Тілдер

Жолдау 2022

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру