«Болашағымызды қалыптастыра отырып» облыстық семинары

Бс, 25/11/2021 - 17:37 — Ольга А

25 қараша, Тәуелсіздік күні қарсаңында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Болашағымызды қалыптастыра отырып» атты облыстық семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі жаңа атқарымдар, идеялар, басты бағыттар, кітапханалардың өлкетану қызметі, қазіргі заманның өзекті құндылықтарын - патриотизм, руханилық, ұлттық сана-сезім қалыптастыру.

Семинар аясында Қостанай облысының кітапханаларының ғана емес,   Қарағанды қаласы Абай атындағы  облыстық балалар кітапханасының және Орал қаласы Х. Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының  өлкетану және патриоттық бағыттағы қызықты, маңызды жобалары ұсынылды.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының инновациялық-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Жусупова Сауле Жаманбаевна «Жаңа жобалар мен өзекті ресурстар кітапханалық қызмет көрсетуде мотиватор ретінде» тақырыбында баяндама жасады, онда кітапхананың ең жарқын жобалары: «Үздік бол - кітап оқы!» әлеуметтік жобасы, «Қазақтың 100 салт-дәстүрі» онлайн-қорды ілгерілету бойынша жұмыс туралы, сонымен қатар «Киіз үй» қаңқасын құрастыру бойынша тренинг және т.б. туралы айтылды.

Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Быков Сергей Сергеевич «Кітапхана жобалары аймақ бренді ретінде» атты баяндамасында «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр» және басқа да ұлттық батырлық эпостарды зерттеу мен насихаттауға негізделген «Батырлар жыры» кітапханалық жобасын жүзеге асыру туралы айтып берді.

«Печа-куча» қызықты және қысқа форматта облыстың аудандық балалар кітапханаларының өлкетану жұмысының тәжірибесі ұсынылды.

Өлкетану блогын тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Легкий Дмитрий Максимович  «Довоенный город» жаңа кітабының тұсаукесерімен аяқтады.

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары жарық көрген кітаптарға шолу жасады.

#30летНезависимостиРК #ҚРТәуелсіздігіне30жыл

Тілдер

Жолдау 2022

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру