Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығармаға арналған республикалық байқаудың шорт-парағы

Дс, 19/07/2021 - 08:59 — Ольга А

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында Қостанай облысында 2021 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған  үздік әдеби шығармалардың республикалық байқау өткізіледі.

         Шығармалары қазіргі өмірдің өзекті шындығын және психологиялық, адамгершілік, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін суреттейтін авторларды іздеу және таныстыру мақсатында Республикалық конкурсқа бастама жасалды.

Байқаудың міндеттері өскелең ұрпақтың әлемді тануының өнімді тәсілі ретінде оқуға деген қызығушылығын ынталандыру; отбасылық оқуды қалыптастыруға жәрдемдесу; баспагерлердің, кітап сатушы ұйымдардың, кітапхана қызметкерлерінің, оқырмандардың, ата-аналардың назарын қазақстандық авторлардың шығармаларына аудару болып табылады.

Осы жылдың 15 мамырына дейін Ұйымдастыру комитеті балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем прозалық шығармаларды қабылдады. Бұдан әрі конкурсқа ұсынылған туындыларды Сарапшылар кеңесі мен Қазылар алқасы қарады. Сарапшылар кеңесі конкурсқа ұсынылған туындыларға алдын ала сараптама жүргізді, шорт-парақ қалыптастырылды.

Байқаудың шорт-парағына енген авторлар:

  1. Әбдірайым Т. (Нұр-Сұлтан қаласы)
  2. Байбол А. (Алматы облысы)
  3. Ғұбайдуллин Б. (Батыс Қазақстан облысы)
  4. Жантемирова Д. (Ақмола облысы)
  5. Қайым Қ. (Алматы қаласы)
  6. Клепикова Е., Земскова К. (Алматы қаласы)
  7. Медведева Л. (Шығыс Қазақстан облысы)
  8. Суслова А. (Қостанай облысы)

Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың қазан айында жарияланады. Марапаттау рәсімін өткізу күні мен орны туралы ақпаратты Ұйымдастыру комитеті қосымша хабарлайды.


Тілдер

Жолдау 2021

Кітап оқуды қолдау жылы

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру