Ыбырай Алтынсарин

Неге біз бұл бетті ашамыз?

Өйткені біздің кітапхана Ы. Алтынсарин атымен аталған!

Қостанай қалалық кеңес халық депутатының атқару комитетінің шешімімен 1991 жылдың 18 қантарынан облыстық жасөспірімдер кітапханасына Ы. Алтынсаринның есімі берілді: «Біздің жерлесіміздің, педагогтың, ағартушының Ы. Алтынсаринның мерейтойына байланысты «Қазақ тілі» атты қалалық қоғам ұйымының және облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымының өтінішін негізге ала отырып қалалық кеңес халық депутатының атқару комитеті облыстық жасөспірімдер кітапханасына Ы. Алтынсаринның атын беруге шешті».

Содан бері біз оның атын мақтан тұтамыз және өз қорымызда бұл адам туралы барлық мәліметтер жинауға тырысамыз. Ы. Алтынсарин өмір бойы ағартушылықпен айналысты, міне осы қызметті біздің кітапхана орындап жұр. Және де Ы. Алтынсарин кітапханалар ашумен айналысты. Ы. Алтынсарин туралы ақпараттарды орналастыруға негіз болған, бізге келген хаттар, онда Ы. Алтынсарин, оның өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы мәліметтер жіберуге ұсынды. Сондықтан, осы күннен бастап біздің кітапханада Ы. Алтынсарин туралы жасалып жатқан барлық жұмыстарды осында орналастырамыз.


Тілдер

Жүйеге кіру

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.