Новости


«Street book» жалғасы...

Жм, 15/04/2022 - 17:35 — Ольга А

Қала тұрғындарын Ы. Алтынсарин атындағы облыстық кітапхана ұлттық ғашықтар күнімен ерекше тәсілмен құттықтады. Бұл қалай болғанын көрейік...



Жарату уақыты

Жм, 15/04/2022 - 12:32 — Ольга А

15 сәуір – Дүниежүзілік өнер күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, дәл осы күні, 1452 жылы көрнекті итальяндық суретші және өнертапқыш, ең әйгілі Мона Лиза (Джоконда) суретінің авторы Леонардо да Винчи дүниеге келді.
Бүгінде біз өнерсіз өз өмірімізді елестете алмаймыз: әнсіз, фильмдер мен кітаптарсыз, театр мен киносыз, т.б. өнер адам әлеміне мықтап енді.

14 сәуір күні № 1 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушылары «Жарату уақыты» интерактивті бағдарламасына қатысты. Балалар мультипликациялық фильмді дыбыстауда, көлеңкелер театрында, пантомималарды қоюда, караоке мультконцертте өздерінің актерлік шеберліктерін жетілдірді. Және көптеген эмоциялар мен позитивтер алды!



А. И. Суслованың «Екі Данька, Боран және скрипка» кітабының тұсаукесері

Бс, 14/04/2022 - 12:20 — Ольга А

Танымал қостанайлық жазушысы Александра Ильинична Сусловамен бірге Мичурин ЖББМ және № 16 ЖББМ 5 және 6 сынып оқушылары «Екі Данька, Боран және скрипка» атты жаңа кітаптың беттеріне қызықты саяхат жасады. Ол балалар қазылар алқасының шешімі бойынша 2021 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық ең үздік әдеби шығарма байқауының жеңімпазы атанды.

Кездесу басында Александра Ильинична өзінің шығармашылығы, сүйікті жазушылары мен кітаптары туралы айтты. «Екі Данька, Боран және скрипка» кітабын талқылау кезінде балалар көптеген қызықты, әсерлі сұрақтар қойды, оларға Александра Ильинична қуана жауап берді.  Іс-шара соңында автор барлық қатысушыларға жылы сөздер айтып, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.



Ойла: Кови С. Фокус: басым мақсаттарға жету

Бс, 14/04/2022 - 09:27 — Ольга А

Кови С. Фокус: достижение приоритетных целей / Кови С, Джонс С; науч. ред. М. Ильин; предисл. Х. Смита.- Москва: Альпина Паблишер, 2011.- 161,[15] с.-(Б-ка MTI)

Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады? Жұмыс пен жеке өмірді қалай үйлестіруге болады? Егер сіз Фокус кітабындағы кеңестерге құлақ ассаңыз, ол өміріңізді жоспарлауға көмектеседі. Сіз өзіңізді барынша жүзеге асыра аласыз, сіздің өміріңіз бай, толық және қуанышты болады. Өзіңізді іске асырыңыз, Стивен Ковидің кітабын оқыңыз!



«Жұлдызды аспан құпиялары»

Сс, 12/04/2022 - 16:56 — Ольга А

Ғарышкерлер күні мерекесіне орай «Аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Жұлдызды аспан құпиялары» ғарыштық викторинасы өткізілді. Ойын ұшуында қатысушылар тапсырмаларды орындады, ғарыш және онымен байланысты барлық сұрақтарға жауап берді. Ойын тапсырмаларында тапқырлық, әзіл-оспақ көрсетіп, бір-бірін жігерлендірді. Жерге қонып, достық жеңді деген қорытындыға келді.



«Мен оқыған бір кітап»

Дс, 11/04/2022 - 17:39 — Ольга А

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың балаларының қатысуымен «Біз кітапханаға келдік» экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, балаларға арналған газет-журналдар және қызықты әрі заманауи басылымдармен, кітап-ойыншықтармен, түрлі-түсті энциклопедиялармен танысты. «Отбасы бақыт - аясы» бұрышында балалар кітаптарды тамашалап, зор қызығушылықпен журналдарды қарап, бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шарамен аяқталды. Іс- шара барысында оқушылар кітаптың бізге қандай пайдасын тигізетіні туралы көп ақпарат алды.

Экскурсия соңында балалар кітапханаға жиі келетіндерін айтып, кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.



Жұлдызды аспан құпиялары

Дс, 11/04/2022 - 12:34 — Ольга А

Ғарышкерлер күніне арналған мереке қарсаңында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен «Жұлдызды аспан құпиялары» ғарыштық викторинасы өткізілді. Викторина барысында балаларға өздерін ғарышкерлер рөлінде сынап көруге және «Ғарышкерлер мектебіне» жазылуға шақырылды. Балалар екі командаға бөлініп, капитандар таңдалды. «Жер-Венера-Марс-Жер» рейсімен ойын ұшуында балалар тапсырмаларды орындап, ғарыш туралы сұрақтарға жауап берді, осылайша білімдерін толықтырды. Ойыннан кейін ғарыш туралы кітаптарға шағын шолу жасалды. Балаларды бірінші ғарышкер Юрий Гагариннің өмірбаяны қызықтырды. Балалармен бірге біз, талпыныс жасап, шыдамдылық танытып, жақсы оқып, арманыңа әр қадам сайын жақындай берсең, кез келген арман орындалады деген қорытындыға келдік.



Дәйексөздер

Дс, 11/04/2022 - 09:42 — Ольга А

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер



Көркем сөз шебері

Ср, 06/04/2022 - 15:34 — Ольга А

Кітапханада Ғ. М. Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Көркем сөз шебері» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға 13 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Қазақ әдебиетінде Ғ. Мүсіреповтің алар орны ерекше, оның қалдырған мол әдеби мұрасы ұлттық әдебиет үшін мақтаныш. Даналық пен ой еркіндігі «Ана туралы» балладасында ерекше көрініс табады. Ғ. Мүсірепов әйел-ана бейнесінің соңғы нүктесін «Ұлпан» романында (1972) айқын көрсетеді. Ғ. Мүсірепов бір кездері: «Он мыңдаған жыл бұрын сөнген жұлдыздар бар, бірақ олар әлі күнге жарқырап тұр», - деп айтқан болатын. Қазақ классикасының дүлдүлі Ғ. Мүсіреповтің осы сөзі оның өз шығармашылығына арналғандай.



Табиғат-бұл біз тұратын үйіміз

Сс, 05/04/2022 - 12:12 — Ольга А

Жанұя отбасы үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Табиғат – бұл біз тұратын үйіміз» атты экологиялық сағат өткізілді. Шара басында жиналғандардың барлығы бейнероликті тамашалап, Қазақстанның сұлулығына тәнті болды. Сабақ барысында балалар орманда өздерін қалай ұстау керектігі туралы сұрақтарға жауап беріп, құстарды сау азықпен қоректендіріп, соңында Жер шарымыз әрқашан жасыл, таза болуын тіледі.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2022

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру